2022 жылғы 14 қазанда «SANTO Member of Polpharma Group» сауда маркалы Химфарм АҚ Қазақстанның барлық өңірлерінен келген кардиологтар үшін Шымкент қаласында «Фармацевтикалық зауытқа экскурсия» жобасын ұйымдастырады. Жобаның мақсаты медициналық қоғамдастықты Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жоғары сапалы қолжетімді дәрілік заттарды әзірлеумен, технологиясымен және өндірумен таныстыру.
«Химфарм» АҚ өндірісі GMP халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған және жұмыс істейді. Компания Қазақстан Республикасындағы стерильді дәрілік нысандардың — антибиотиктер ұнтақтарын асептикалық себу, инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар өндіретін цехта инъекциялық ерітінділер өндірісі және шприцтік толтыру ампулаларында инъекциялық ерітінділер өндірісінің қолданыстағы өндірістерінде үш халықаралық GMP сертификаты бар алғашқы және жалғыз фармацевтикалық өндіруші болып табылады.