Басты
Кардио мектеп

Қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруының тәуекелдері

Жүрек-қан тамыры ауруларының дамуын қоздыруға қабілетті әртүрлі факторлардың ішінде қант диабетін ерекше атап көрсету қажет. Бұл ретте ЖҚА қаупі пациенттің жасына қарамастан туындайды – ересектерде де, жас пациенттерде де жүрек проблемалары туындауы мүмкін. Қант диабеті жүрекке қалай әсер етеді және асқынулардан қалай құтылуға болады?

Қант диабеті ең алдымен қан тамырларын зақымдайды: ұсақ (микро тамыр патологиясы) да, ірі (макро тамыр патологиясы) да. Қан тамырлары өзінің икемділігі мен өткізгіштігін жоғалтады және тіндер мен ағзаларды, оның ішінде жүрек бұлшық етін де толық қоректендіруді тоқтатады.

Қан тамырлары жұмысының бұзылуы жүрек-қан тамырлары жүйесінің жалпы жай-күйінің нашарлауына әкеледі. Мысалы, нашар өтелген қант диабетінде (қандағы қанттың деңгейі тұрақты жоғары немесе күрт көтерілгенде) атеросклероз тез дамиды, ол қан тамырларының тарылуы немесе бітелуі нәтижесінде жүрек бұлшық етінің (миокардтың) ұзақ уақыт оттегімен ашығуы салдарынан жүректің ишемиялық ауруының дамуына әкеп соғады. Ауру адам кенеттен кеудесі ауырғанда стенокардия түрінде пайда болуы мүмкін.

Бұдан басқа, 2 типтегі диабеті бар пациенттер, әсіресе темекі шегушілер, әдетте тромбоэмболиялық асқынулармен қоса жүретін миокард инфарктісінің пайда болу қаупіне неғұрлым бейім.

Сонымен қатар, қант диабетімен ауыратын науқаста инсульт пайда болуы мүмкін – мидағы қан айналымының жіті бұзылуы нәтижесінде ми жасушаларының бір бөлігі зақымданады. Оған қоса, жоғары қант инсульт ағымын айтарлықтай қиындатуы мүмкін.

Жүрек ауруының айқын белгілері болмаса да, кардиологта үнемі бақылауда болу қажет, себебі кейбір жағдайларда адамдар болған инфарктті байқамайды.

Сондай-ақ, қант диабеті бар пациенттер қан қысымының көтерілуінен зардап шегеді – жүрек жетіспеушілігі мен жыбырлақ аритмияға әкеп соғуы мүмкін

артериялық гипертензия. Артериялық гипертензия көбінесе егде адамдарда, сондай-ақ ағзадағы микроэлементтердің жетіспеушілігі кезінде, тұрақты стресс жағдайында, семіздік немесе артық салмақ кезінде, апноэ кезінде дамиды.

Жоғары қан қысымы неліктен қауіпті? Гипертония қан тамырларына зиян келтіреді және сіздің жүрегіңізге жұмыс істеу қиын болады. Бұл жүрек талмасын, инсульт тудыруы, сондай-ақ бүйрек пен көздің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өзіңіздің қан қысымыңызды үнемі өлшеп, оның көрсеткіштерін жазу ұсынылады. Ол 130/80 мм с.б. кем немесе тең болуы тиіс.

Диабетті ерте диагностикалау жүрек-қан тамыры жүйесіне асқыну тәуекелін айтарлықтай азайтады. Бұдан басқа, егер салауатты өмір салтын ұстанатын болсаңыз, оларды төмендетуге, сондай-ақ жүйелі түрде тексеруге болады: дәрігер-кардиологқа бару, үнемі талдаулар тапсыру, жүректің УДЗ, ЭКГ және эргометрияны жасау, қысымның тәуліктік мониторингі және кардиограмма, қан тамырларының жай-күйінің диагностикасынан өту.

Сондай-ақ холестерин деңгейін бақылау маңызды. Біздің қанымызда оның екі түрі бар: «жақсы» холестерин (ЛПВП) және «нашар» (ЛПНП). «Жаман» холестерин жиналып, қан тамырларын бітеп, атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуына себепші болады.

Сізге қызық болуы мүмкін
АГ КЗ
ЛГ КЗ
ОССН КЗ
ХСН КЗ
ФП КЗ
СЖЖ (РКҚ) бар жүкті әйелдерді жүргізу бойынша ұсынымдар
Аорталдық стеноз ұсынымдары 2016 г

Өзге мақалалар