Ересек адамның қалыпты тамыр соғысы тыныштықта минутына 60-тан 90-ға дейін соққыны құрайды деп есептеледі. Алайда тамыр соққысының шамасына бірқатар факторлар әсер етеді. Егер сіздің тыныштықтағы тамыр соғысыңыз өзгергенін байқасаңыз, төменде көрсетілген тізімнен оған не әсер етуі мүмкін екенін ойлаңыз
Жасы. Тыныштықтағы тамыр соғысы жас өткен сайын ұлғаяды. Бұл негізінен жүректің дене пішіні мен жай-күйінің жалпы төмендеуіне байланысты болады
Физикалық пішіні. Жаттықтырылған адамдар үшін тамыр соғысының көрсеткіші айтарлықтай төмен. Бұл «спорттық жүрекпен» байланысты: сіз қаншалықты көп жаттықсаңыз, жүрек соғұрлым тиімді жұмыс істейді және қан тамырларына көбірек қан келеді. Осының бәрі тыныштықта тамыр соғысының азаюына әкеп соғады.
Қоршаған ортаның температурасы. Ыстық кезде тамырлар кеңейеді, ал қан ағымы тері бетіне жақын болады. Қан айналымын ұлғайту және температураны реттеу үшін тамыр соғысы жылдамдатылады. Керісінше, ағзаға суық түскен кезде қан тамырлары тарылады, сонымен бірге тамыр соғысы да төмендейді
Сусыздану. Ағзадағы сұйықтықтың жетіспеушілігі плазма мөлшерін азайтып, қанды қойылтады. Себебі қан бұл ретте азаяды, тіндерді оттегімен жабдықтау үшін жүрекке қарқынды жұмыс істеуге тура келеді. Демек, тыныштықта тамыр соғысы артуда!
Стресс. Физикалық немесе психологиялық стресс біздің вегетативтік жүйке жүйемізге (ВЖЖ) қоздырушы әсер етеді. Бәрі әдеттігідей – сіз тыныш болғанда ВЖЖ сіздің тамыр соғысыңызды төмендетеді; сіз толқыған кезде – көтереді.
Генетика. Бір деңгейлі жаттығатын және бір жастағы адамдарда тамыр соғуының айырмашылығы минутына 20 соққыдан артық болуы мүмкін. Тыныштықтағы тамыр соғысын басқа адамның тамыр соғысымен салыстыру ештеңе бермейді
Сіздің денеңіз бірегей, ал айырмашылықтарға түрлі себептер әсер етуі мүмкін. Біз сізге тек өз көрсеткіштеріңіздің өзгеруін қадағалауды ұсынамыз. Егер жүректің соғуы, бас ауруы, көтерілген артериялық қысым немесе кеуде қуысының ауыпсынуы байқалса, кардиолог-дәрігерге жүгініңіз. Сондай-ақ, zhurek.info сайтынан тегін кеңес ала аласыз.