Басты
Словарь KZ

Пациент сөздігі

Ангиография — рентгендік котрастық заттектер енгізгеннен кейінгі қан тамырларының рентгенографиясы

Аортокоронарды шунттау — коронарлық тамырдың тарылу орнын айналып өту арқылы жүрек артерияларындағы қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін операция

Жүрек аритмиясы — қоздыру импульсі қалыптасуының немесе оны миокард бойынша жүргізудің бұзылуының жалпы атауы; әдетте жүрек ырғағының бұзылуымен көрінеді.

 

Қан қысымы — артериядағы қанның оның қабырғасына тигізетін қысымы; қысым мөлшері жүрек шығарылымының мөлшеріне, қан ағымына жалпы перифериялық қан тамырларының кедергісіне және артерия қабырғаларының күйіне байланысты

 

Асистолия — биоэлектрлік белсенділік белгілері жоқ жүректің барлық бөлімдерінің немесе олардың біреуінің қызметін толық тоқтауы

Брадикардия — жүрек қысқаруының төмендетілген жиілігі

 

Гиперсимпатикотония — вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің жоғары тонусымен; терінің құрғауымен, тер шығудың азаюымен, АҚ артуымен, тахикардиямен, шырыш және сілекейдің төмендетілген секрециясымен және т.б. байқалады.

 

Гипертония — немесе жоғары қан қысымы — жүрек-қан тамыры жүйесі, бас миы, бүйрек ауруларының және басқа да аурулардың  даму қаупін едәуір арттыратын күрделі патологиялық жай-күйм(https://www.who.int)

 

Гипотония — немесе артериялық гипотензия — бұл қалыпты көрсеткіштермен салыстырғанда артериялық қысым төмендеген адам ағзасының жай-күйі. Систоликалық (жоғарғы) және диастоликалық (төменгі) қысымның қатынасы 120/80 мм сынап бағаны норма болып табылады.(https://abc-medicina.com/)

 

Гиповолемия — қанның азайтылған жалпы саны

 

Гипоксемия — қандағы оттегінің төмендетілген құрамы

 

Физиологиядағы гомеостаз — ішкі ортаның (қан, лимфа, тіндік сұйықтық) салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы және ағзаның негізгі физиологиялық функцияларының (қан айналымы, тыныс алу, терморегуляция, зат алмасу және т.б.) тұрақтылығы

 

Дилатация — қандай да бір қуыс орган саңылауының тұрақты диффузиялық кеңеюі

 

Инфаркт — қан айналымының кенеттен бұзылуы салдарынан некрозға ұшыраған орган немесе тін учаскесі

 

Ишемия — артериялық қан ағынының әлсіреуі немесе тоқтауы салдарынан дененің, ағзаның немесе тіннің бір бөлігінің қанмен жабдықталуының азаюы

 

Кардиосклероз — жүрек бұлшықетіндегі (миокард)дәнекер тінінің шамадан тыс дамуы

 

Коронарография — контрасты заттармен толтырылғаннан кейін жүректің коронарлық артерияларын рентгенологиялық зерттеу

 

Ремиссия — ауру белгілерінің болмауы немесе ауырлығының азаюы байқалатын кезең

 

Тахикардия — жүрек соғуының жоғары жиілігі

 

Электрокардиограмма — жүректің электр өрісі әлеуетінің (биопотенциалдарының) қысқаруы кезіндегі уақыттағы өзгерістерді көрсететін қисық сызық.

 

http://www.lib.ru/NTL/MED/slowar_a-k.txt

 

https://www.sechenov.ru/

 

Сізге қызық болуы мүмкін
АГ КЗ
ЛГ КЗ
ОССН КЗ
ХСН КЗ
ФП КЗ
СЖЖ (РКҚ) бар жүкті әйелдерді жүргізу бойынша ұсынымдар
Аорталдық стеноз ұсынымдары 2016 г

Өзге мақалалар