Әдетте «ацетилсалицил қышқылы» деген сөзді тек дәрігерлер қолданады. Алайда қарым-қатынаста және тіпті ғылыми әдебиетте «аспирин және оның препараттары» деген ұғымды немесе қарапайым «аспирин» деген сөзді кездестіруге болады. Бүгін ацетилсалицил қышқылы препараттары немесе АСҚ, оның жүрек-тамып ауруларына дәне тромбоздардың алдын алудағы, осы дәрілік құралдарды қабылдаудың қауіптері мен оның мақсатының қағидаттары туралы сөз болады.
Ацетилсалицил қышқылы және ол неге маңызды
Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) немесе аспирин 120 жылдан бері белгілі. Бұл препарат стероидты емес қабынуға қарсы құралдар тобынан, тал қабығынан бөлінген, бастапқыда ревматизм және буындардың басқа да аурулары кезінде қызуды төмендететін зат ретінде қолданылған.
Алайда, уақыт өте келе оның қабынуды, қызуды және ауырсынуды басу қабілетінен басқа да қасиеттері ашылды. 1982 жылы АСҚ-ның қабынуға қарсы әрекет ету тетіктерін ашқаны үшін медицина бойынша Нобель сыйлығы Суне Бергстремге, Бенгт Самуэльссонға және Джон Вейнге берілді [4]. Шамамен сол кезде аспириннің антиагреганттық қасиеттері де, яғни оның тромбоздың қалыптасу қарқындылығын төмендету қабілеті ашылған. Дәл сол кезде ацетилсалицил қышқылын қолданудың жаңа дәуірі басталды, онсыз қазіргі заманғы кардиология мүмкін емес.
Бұл молекула — инфаркт, инсульт және тромбозбен байланысты өмірге қауіп төндіретін басқа да өткір оқиғалардың алдын алудағы негіздердің бірі
Ацетилсалицил қашқылы неден көмектеседі
Ацетилсалицил қышқылының бірнеше қасиеттері бар, атап айтқанда: ерекше қабыну молекулаларын – простагландиндерді бұғаттау есебінен қабыну белсенділігін төмендетуге қабілетті, оның есебінен ауырсыну сезімдері де бұғатталады, дене қызуы төмендейді. [5] Сондай-ақ аспирин агрегацияны төмендетуге қабілетті, яғни тромбоциттердің «өзара жабысуын» [5], бұл тромбоздың алдын алуда және емдеуде өте маңызды. Алайда, аспирин мен оның аналогтарының әсері дозаға және қабылдаудың ұзақтығына өте тәуелді екенін есте сақтау керек, сондай-ақ жанама әсерлерді де есте сақтау керек. Сондықтан пациенттің АСҚ тағайындау қажеттілігі туралы шешімді дәрігермен бірлесіп, тәуекелдерді, әсіресе жүрек-қан тамыры ауруларының 10 жылдық тәуекелін алдын ала бағалай отырып, қабылдауы тиіс [2].
Қанды сұйылтуға арналған аспирин препараттары
Ацетилсалицил қышқылының препараттарын тромбоздың алдын алу мен емдеуде табысты қолданады. Аспирин агрегацияны төмендетуге қабілетті, яғни тромбоциттердің өзара «жабысуын». Дәл осы тромбоциттер қан тамырлары қабырғасының зақымдануын бұғаттап және «жабыстырып», тромбтардың бастапқы негізі болып табылады. Кейбір жағдайларда олардың бұл қабілеті күшеюі мүмкін және өздігінен тромб пайда болуын туындата отырып, олар бір-бірімен жабысып қалуы мүмкін. Сонда аспирин көмекке келеді. Ол «тромбоциттердің жабысқақтығын» төмендету есебінен қанды сұйылтады
Алайда, ацетилсалицил қышқылы препараттарының үлкен дозалары өз кезегінде қан кетуге әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан емдеу мен профилактикада аспириннің төмен дозалары қолданылады [1].
АСҚ кардиологияда қолдану
Инфаркттің және инсульттің дамуында немесе аяқ-қолдардың перифериялық артерияларының зақымдануы атеросклероз — яғни қан тамырларының қабырғаларында холестериннің патологиялық шөгуі негізгі әсер етеді. Осындай шөгінділер холестеринді түйіншектердің пайда болуына әкеп соғады. Кейбір жағдайларда, мысалы, артериялық қысымның артуы кезінде осындай түйіншіктер зақымдануы мүмкін және оның орнында тромб пайда болады, бұл тамырдың қатты бітелуіне және өмірге қауіп төндіретін қауіпті асқынулардың дамуына әкеп соғады [1].
Осындай оқиғаларды болдырмау және пациентті трагедиядан қорғау басқа да іс-шаралардың арасында және аспирин препараттарының төмен дозасын арнайы кардиологиялық дозада қабылдауға көмектеседі, әдетте бұл тәулігіне 75-тен 100 мг-ға дейін [1]. Бұл тромбоциттердің тромб жасау қабілетін төмендетеді, демек тромбоз қаупін төмендетеді. Сондай-ақ аспирин миокард инфарктіне күдікті кезде, керісінше, жоғары дозада қолданылады [6].
АСҚ неғұрлым жиі пайдаланылатын антиагрегантты препарат болып табылады, ішінара оның төмен құнына және айқын қауіпсіздігіне байланысты. Ол миокард инфаркты, ишемиялық инсульт кезінде және жалпы пациенттердің кең ауқымында алғашқы және екінші профилактикада профилактикалық құрал ретінде қолданылады [3]. Аспирин препараттары жақсы зерттелген және қолжетімді, оларды қабылдауда бақылау оңай және оларда үлкен дәлелдер базасы бар
Аспирин — онсыз заманауи медицина мүмкін емес препарат, оның қауіпті жүрек-қан тамыры асқынуларының алдын алуда үлкен рөлі бар. Алайда, тіпті осы қолжетімді дәріні дәрігер барлық «жағымды», «қарсы» және қауіп факторларын өлшеп тағайындауы тиіс екенін есте сақтау маңызды. Егер сізге аспирин препараттары ұсынылса, оларды қабылдауды ұмытпаңыз және бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін
Мыналардан бейімделген:
- Фредерик Спенсер, Гордон Гайатт..// UpToDate. Patients Education. Обучение пациентов: аспирин в первичной профилактике сердечно-сосудистых заболеваний и рака. последнее обновление: декабрь, 2023. (электронный ресурс, последнее обращение 30.01.2024) https://www.uptodate.com/contents/aspirin-in-the-primary-prevention-of-cardiovascular-disease-and-cancer-beyond-the-basics#:~:text=Aspirin%20reduced%20the%20risk%20of,10%20years%20of%20taking%20aspirin).
- Санджойита Маллик , Гаутам Р. Шрофф , Марк Линзер. //Аспирин для первичной профилактики сердечно-сосудистых заболеваний: что говорят текущие рекомендации USPST? // Медицинский журнал Кливлендской клиники , май 2023 г., 90 (5) 287-291. https://www.ccjm.org/content/90/5/287 (последнее обращение 30.01.2024)
- Sirois C, Couture J, Grégoire JP. Acetylsalicylic acid for primary prevention of cardiovascular diseases in older patients with diabetes: do the benefits overcome the risks? Ther Adv Drug Saf. 2012 Oct;3(5):213-26 https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC4110868/
- The Nobel Prize. Нобелевская премия по физиологии и медицине 1982 год. (электронный ресурс, последнее обращение 31.01.2024)// https://www.nobelprize.org/prizes/medicine/1982/summary/
- Elsevier. Справочный модуль по биомедицинским наукам 2018 г. Sarah Miles, Brian Furman, Aspirin. https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/B978012801238397750X
- Острый коронарный синдром без подъёма сегмента ST. Клинические протоколы МЗ РК, 2016 г https://share.kz/gqXN