Басты
Дәрігерлер үшін
Кардио мектеп
Карусель
Мақалалар
Пациенттер үшін

Артериялық гипертонияның қауіпті асқынуы және олардың алдын алу

Гипертония немесе артериялық қысымның көтерілуі бүкіл әлемде кең таралған ауру. Алайда, ДДҰ пікірінше ересектердің жартысынан азы өздерінің диагнозы туралы біледі және гипертониядан уақтылы ем алады [2]. Гипертония өзінің асқынуларымен — миокард инфаркті, жүрек жетіспеушілігі, инсульт, созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен қауіпті. Бұл жай-күйлер мен оларды болдырмау жолдары туралы төменде айтып береміз. Оқуға 5- 7 минут кетеді

Артериялық гипертонияның қауіпті асқынулары және олардың алдын алу

Артериялық арнаның жүйесіндегі қан қысымының көтерілуі немесе артериялық гипертония қан тамырлары мен жүректің «тозуының» ілгерілеуіне әкеп соғады, демек гипертониясы бар адамда жүрек-қан тамыры апаттарының барлық түрі ерте пайда болуы мүмкін және барынша қауіпті болады. Диагностикаланбаған және емделмеген гипертония негізгі проблемаларға әкеп соғуы мүмкін – бас миының инсульты, жүрек жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін, ол жүректің трансплантациясына әкеп соғуы мүмкін, жиі қысымның артуы аясында инфаркт болады және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды, ол қорытындысында бағдарламалық гемодиализге әкеп соғуы мүмкін.

Бұл асқынулардың жалғыз профилактикасы артериялық қысымды бақылау және өмір салтын өзгерту болады. Қысымнан барлық дәрілік препараттарды пациентке  үзіліссіз үнемі қабылдауы керек. Бұл гемодинамиканың тұрақтылығын және жүрек, бүйрек және ми сияқты мақсатты органдар үшін қорғаныстың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Әсіресе, жас өткен сайын АҚ-ның артуы қауіпті – ағза біршама сезімтал болады және асқынулар АҚ төмен болса да дамиды

Артериялық гипертонияның белгілері

Артериялық гипертониясы бар көптеген адамдар АҚ көтерілгенін білмейді [4]. Негізінен гипертония белгісі жоқ ауру  және жасырын өтеді. Бірақ жиі болатын шағымдардан бас ауруын, көру қабілетінің бұзылуын, кейде жүрек ырғағының бұзылуын және әлсіздікті атап өтуге болады [3]

Артериялық гипертонияның диагностикасы және емдеу

Артериялық гипертонияны анықтау үшін артериялық қысым жиі көтерілетінін анықтау жеткілікті, әдетте бұл сандар 140/90 мм сынап бағанынан (немесе с.б.) артық немесе тең болуы тиіс [3]. Бірінші сан — систоликалық немесе «жоғарғы» қысым, екінші сан — диастолиялық немесе «төменгі» қысым. Бұл сандардан төмен гипертония болып табылмайды, қалыпты немесе қалыпты жоғары қысым болуы мүмкін және ешқашан дәрілік терапияны қажет етпейді [3].

Эпизодты өлшеу кезінде қысымның көтерілуін анықтау қиын болатын жағдайлар да болады. Бұл жағдайда дәрігер СМАД процедурасын немесе артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеуді тағайындай алады. Сондай-ақ ықтимал себептерді нақтылау үшін және дәрілік заттарды неғұрлым дәл тағайындау үшін кейбір талдауларды тапсыру қажет

Артериялық гипертонияны емдеуді тек дәрігер сіздің ерекшеліктеріңізге, АГ ағымының нұсқасына сүйене отырып және басқа да көптеген параметрлерге сүйене отырып тағайындайды. Гипертонияны емдеу үзіліссіз жүргізілетінін есте сақтау маңызды, себебі АГ — созылмалы ауру. Гипертонияны емдеу — бұл тек «АҚ сандарын қалыпқа келтіру» ғана емес, бұл бірінші кезекте мақсатты органдарды және сіздің салауатты болашағыңызды қорғау.

Артериялық гипертонияның асқынуының туындау себебі

Артериялық гипертонияның асқынуы бірінші кезекте артерияның қабырғасына жоғары қысымның әсерінен туындайды. Артериялар мен капиллярлар зақымданады, бұл микро зақымданулардың орнында холестерин түйіншектері тез қалыптасуы мүмкін, бұл ақыр соңында қан ағымының төмендеуіне әкеп соғалы, ал кейде оның орнында тромбоз пайда болуы мүмкін. Бұл ишемиялық және миокард инфарктісі сияқты асқынуларға әкеп соғады. Геморрагиялық инсульт немесе миға қан құйылу АҚ көтерілу аясында пайда болуы мүмкін [5]

Бұдан басқа, артериялық гипертония созылмалы жүрек жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Негізінен бұл жүректің қанды көп мөлшерде сору арқылы ұлғаюымен байланысты, бірақ оның ресурстары шектеулі және нәтижесінде жүректің бұлшық еттері әлсіреп, қанды дұрыс сору тоқтатылады. Жүрек жетіспеушілігінің нәтижесі жүректі ауыстырып салу болуы мүмкін

Бүйректер де АГ кезінде нысана-ағза болып табылады. Бұл жағдайда бүйректің ең ұсақ капиллярлары зақымданады. Нәтижесінде бүйрек өз функциясын жоғалтады және көп жыл емделмеген артериялық гипертония бағдарламалық гемодиализге әкеп соғуы мүмкін. Гемодиализ – бірнеше күнде бір рет пациент қанының барлық көлемін өзі арқылы айдағанда, бүйрек шлактары мен суды ағзадан шығаратын процедура. Емшарасыз адам бірнеше күннен кейін қайтыс болуы мүмкін, себебі терминалдық бүйрек жетіспеушілігі кезінде өз бүйректері жұмыс істемейді.

Артериалық гипертониян асқынуының туындауының алдын алу

АҚ деңгейін тұрақты бақылау артериялық гипертония асқынуларының тиімді алдын алуды қамтамасыз етуге көмектеседі

  • тамырлардың зақымдануын болдырмау
  • тамыр қабырғасындағы қысымды қалыптандырады және жүрек камералар
  • жүрекке жүктемені төмендетеді
  • инсульттың және тамырды деменцияның алдын ала отырып, бас миының тамырындағы қанның құйылуын жақсартады
  • Бүйрек капиллярларын тозудан қорғау есебінен бүйрек функциясын сақтайды.

Сондықтан дәрігердің ұсыныстарын сақтау, тағайындауларды ұстану өте маңызды. Бүгінгі күні гипертонияға қарсы дәрі-дәрмектердің арсеналы өте үлкен және сіздерге ең қолайлы дәріні таңдауға мүмкіндік бар

Әрине, егер пациент өмір салтын өзгерту бойынша ұсыныстарды ұстанбаса, асқынулардың алдын алу барынша табысты болмайды.

Емдеу нәтижелерін көргеннен кейін, қол жеткізілген нәтижелерді қолдай отырып, терапиядан бас тартпау маңызды және  сіздің ағзаңыз АГ асқынуларынан барынша қорғалады

Мыналардан бейімделген:

Сізге қызық болуы мүмкін
АГ КЗ
ЛГ КЗ
ОССН КЗ
ХСН КЗ
ФП КЗ
СЖЖ (РКҚ) бар жүкті әйелдерді жүргізу бойынша ұсынымдар
Аорталдық стеноз ұсынымдары 2016 г

Өзге мақалалар