Мектептің дәрістері жүрек кемістігі бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелеріне арналды. Цикл сабақтарында жүрек жетіспеушілігін емдеу стандарттары, ауыр ілеспе патологиясы бар науқастарды (анемия, подагра, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы), сондай-ақ аурудың терминалдық сатысындағы науқастарды жүрек трансплантациясына жіберу мәселелері бойынша жаңа деректер ұсынылды. Қабылдауды жақсарту үшін сабақтың теориялық материалы жүрек жетіспеушілігі ҒЗҰ қызметкерлерінің тәжірибесінен күрделі және анағұрлым қызықты клиникалық жағдайларды талдаумен бекітілді.