Ересек адамның тамыр соғысы әдеткі тыныш қалпында минутына 60-90 мәрте соғады деп есептеледі. Алайда ересек адамның тамыр соғысына бірқатар факторлар әсер етеді. Егер сіз тыныштық күйде сіздің тамыр ырғағыңыздың өзгергенін байқасаңыз, төменде келтірілген тізімнің ішінен қайсысы оған әсер еткен болуы мүмкін екендігі жайлы ойланып көріңіз.
Жас. Тамыр соғысы жас ұлғая келе өсе бастайды. Бұл дене пішінінің және жүрек ахуалының жалпы төмендеуіне байланысты орын алады.
Дене пішіні. Денесі жаттыққан тұлғалардың тамыр соғысы едәуір төмен болады. Бұған спортпен шұғылданатын жүрек аса әсер етеді: көп жаттыққан сайын, жүрек тиімдірек жұмыс жасап, қантамырға көбірек қанды айдайды. Бұның бәрі тыныштықтағы тамыр соғысының бәсеңдеуіне әкеледі.
Қоршаған орта температурасы. Ыстық мезгілде қантамырлар кеңейіп, қан ағысы терінің бетіне жақын көтеріледі. Қанның айналуын жақсарту және температураны реттеу үшін тамыр соғысы жылдамдайды. Керісінше, ағза суық ортаға түскен кезде, қантамырлар жиырылып, тамыр соғысы да бәсеңдейді.
Сусыздану. Ағзада сұйықтықтың жетіспеуі қанды қоюлатып, плазма көлемін азайтады. Мұндай жағдайда қан көлемі азаятындықтан, ұлпаларды оттегімен қандыру үшін жүрек екі есе қарқынмен жұмыс жасауы қажет болады. Демек, тыныштықтағы тамыр соғысы өсе бастайды!
Стресс. Дене немесе психологиялық стресс біздің вегетативтік жүйке жүйемізге қоздыратын әсерін тигізеді. Сіз тыныш болған кезде, вегетативтік жүйке жүйеңіз сіздің тамыр соғысыңызды бәсеңдетсе, жүйке жүйеңіз қозып тұрған кезде, тамыр соғысы күшейеді.
Генетика. Бірдей деңгейде жаттығып жүрген және бір жастағы адамдардың тамыр соғысында минутына 20 соғысқа тең айырмашылық болуы мүмкін. Сондықтан тыныштық күйіндегі өз тамыр соғысыңызды басқа адамның тамыр соғысымен салыстыру ештеңе бере қоймас.
Сіздің денеңіз бірегей ағза болғандықтан, оның айырмашылықтарына әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін. Сіздерге тек өз көрсеткіштеріңіздің өзгерісін ғана бақылауға кеңес береміз. Егер сіздің жүрек соғысыңыз жиілесе, бас сақинасы мазаласа, қан қысымы көтеріліп, төс артында ауырсыну сезімі пайда болса, кардиолог-дәрігерге қаралыңыз. Сондай-ақ, сіз zhurek.info сайтында тегін кеңес ала аласыз.
НазадҚұрметті, ана, әке, сіздер маған әлемнің ең қымбат сыйлығы – өмір сыйладыңыздар. Сіздердің жұмсақ әрі нәзік, кейде қатал және өнегелі дауыстарыңыз мені "шынайы жолға" бағыттап, одан таюға жол бермеді. Менің білетінімнің барлығы-сіздерден, мен бүгін қандай адаммын, қандай жетістіктерге қол жеткіздім – бұл да сіздердің арқаларыңызда. Ана, әке, рахмет Сіздерге!
Анам, әкем, мен кішкентай нәресте болған сәттен бастап менің жанымда болды, бірнеше сағаттап түнде ұйықтамады, мені қолдарында тербетті, мен ауырғанда маған қамқорлық жасады, менің ыстық маңдайыма ылғалды компресс қойды, қасықпен ыстық сорпа ішкізіп, менің сауығуым үшін дұға етті.
Барлық аналар мен әкелер әр түрлі-жас, әдемі, ақ шашты және шаршаған, мейірімді немесе қатал. Бірақ ештеңеге қарамастан олар біз үшін ең қымбат және ең жақын болып қалады. Өйткені, біз - ата-аналарымыз бар кезде әлі баламыз.
Сүйікті ата-анам, мен әрқашан жандарыңызда болғым келеді, тіпті мен сіздерден 1000 шақырым қашық жүрсем де, сіздерге көмектескім келеді, мен қашықтыққа қарамастан махаббат пен байланысты сезінемін. Сіздің жүрегіңіз шексіз және тек ол әлемде бәрін кешіре алады. Сізден бір ғана өтінерім бар – мүмкіндігінше жанымда ұзағырақ болыңызшы.
P.S. "Жүрек сәттері" сайтына кіріңіз, онда көптеген пайдалы ақпарат табасыз.